2026 жылғы 15 тамызда Алматының Орталық стадионында америкалық рэпер Канье Уэстің (YE) концерті өтті. Шараға 50-ден астам елден 31 мың көрермен, оның ішінде шамамен 7700 шетелдік турист келді, деп хабарлайды ult.kz.
Туристердің көп келуі қонақүй, көлік, мейрамхана және басқа да қызметтерге сұранысты арттырды. Нәтижесінде концерт Алматы экономикасына шамамен 5 млрд теңге табыс әкелді. 13–16 тамыз аралығында қонақүйлердің орташа жүктемесі 98%-ға жетті.
Ауа райына байланысты концерт бір күнге шегерілгенімен, іс-шара жоғары деңгейде өтті.