Шомылу маусымы басталғалы еліміздің су айдындарында 69 бала көз жұмған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлап отыр.
Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға арналмаған жерлерде болған. Сонымен қатар балалар ересектердің қарауынсыз қалуы мен демалыс кезінде спирттік ішімдік ішу де қайғылы жағдайларға себеп болған.
Министрлік ата-аналарға балаларды су жағасында қараусыз қалдырмай, тек рұқсат етілген жағажайларда шомылу және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.