Қазақстан Республикасы Құрылтайының салалық комитеті Ғалымжан Қойшыбаевты Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы қызметіне тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Құрылтайының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында қаралды.
Комитет отырысында Ғалымжан Қойшыбаевтың кандидатурасы «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша комитет ұсынылған кандидатураны Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы қызметіне тағайындауға болады деген қорытынды қабылдады.
Енді кандидатураны тағайындау туралы шешім белгіленген тәртіппен қаралады.