Елордадағы «Астана Арена» стадионында Enrique Iglesias-тің концерті өтті. Іс-шарадан кейін жас көрермендер стадион аумағында қалып, қоқысты жинауға көмектесті, деп хабарлайды ult.kz.
Олар концерттен кейін қоқыс жинап, ірі мәдени іс-шаралар кезінде тазалықты сақтауға әр адамның үлес қоса алатынын көрсетті.
«Концерт бізге ерекше әсер сыйлады. Іс-шара аяқталған соң тазалық жұмысына қосылып, стадион аумағын ретке келтіруге көмектесуді жөн көрдік. Бұл көп уақытты қажет етпейді. Бірақ осылайша, әрқайсымыз қаламызға, қоршаған ортаға және еңбек етіп жүрген жандарға деген құрметімізді көрсете аламыз», - деді көрерменнің бірі.
Мұндай акциялар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп, қаланың тазалығы әр адамнан басталатынын еске салады.