Братиславада өткен U20 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Қазыбек Қалмағамбетовке жаңа Škoda Superb автокөлігі сыйға тартылды.
19 жастағы спортшы турнирде Қазақстан атынан алғаш рет ең биік тұғырға көтерілген балуан атанды. Қазыбек 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалдық белдесуде отандасымыз қарсыласын 13:7 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Спорттағы жетістігі мен отандық спортты дамытуға қосқан үлесін бағалаған қазақстандық автомобиль компаниясы Allur балуанға Škoda маркасының флагмандық лифтбегі — Superb автокөлігін табыстады.
Бұл көліктің таңдалуы да символдық мәнге ие. Škoda Superb кеңдігі, жайлылығы және динамикасымен ерекшеленіп, күнделікті пайдалануға ыңғайлы көлік саналады. Модель жолдағы сенімділік пен әр бөлшегіндегі мұқияттылықты бағалайтын адамдарға арналған. Бұл қасиеттер тәртіп, төзімділік және өз-өзімен үздіксіз жұмыс істеу арқылы нәтижеге жететін спортшының мінезімен үндеседі.
«Қазыбек үшін де, еліміз үшін де маңызды спорттық жетістікке жеткен чемпионды шын жүректен құттықтаймыз. Күрес — адамның мінезін, рухының мықтылығын, мақсатқа ұмтылысын, сондай-ақ орасан зор физикалық әрі интеллектуалдық еңбегін көрсететін спорт. Спортшымыздың осы қасиеттердің барлығын жоғары деңгейде таныта алғаны біз үшін ерекше қуанышты. Алдағы уақытта да жеңістер мен жаңа чемпиондық атақтар тілейміз!» – деді Қазақстандағы Škoda дистрибуциясының басшысы Андрей Тананыкин спортшыны құттықтап.
Қазыбекке ең жоғары жабдықталу деңгейіндегі Laurin & Klement нұсқасындағы Superb автокөлігі табысталды. Көлік 190 ат күшіне ие қозғалтқышпен және алдыңғы жетек жүйесімен жабдықталған. Бұл нұсқа 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа 7,8 секундта дейін үдейді.

Автокөліктің жабдықталуында матрицалық LED шамдар, коньяк түсті былғары салон, орындықтарды жылыту және желдету функциялары, массаж жүйесі, орындық жастықшасының тереңдігін реттеу, алдыңғы орындықтарды электрлі реттеу және баптауларды есте сақтау функциясы, сондай-ақ 14 динамигі бар Canton аудиожүйесі қарастырылған.
Škoda автокөліктерін Қазақстандағы брендтің ресми дилерлерінен арнайы шарттармен сатып алуға болады.
Қазақстан нарығындағы бестселлер — Škoda Kodiaq-тың Selection және SportLine жиынтықтары 5 млн теңгеге дейінгі жеңілдікпен ұсынылады.
Брендтің флагмандық моделі — Škoda Superb барлық жиынтықтарында 3 млн теңгеге дейінгі жеңілдікпен қолжетімді.
Ал үнемді қалалық кроссовер Škoda Karoq SportLine 4x4 жиынтығында 1,5 млн теңгеге дейінгі жеңілдікпен ұсынылады.
Allur мен Škoda Qazaqstan үшін спортты қолдау – бұл ең алдымен өз еңбегімен және нәтижелерімен Қазақстанды әлемдік аренада танытып, жаңа ұрпақты өз жеңістеріне жігерлендіретін адамдарға қосылған үлес.