Қарағанды облысының Балқаш қаласында төбелес кезінде адам өліміне себеп болған үш адам 8 және 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ult.kz.
Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 22 желтоқсанға қараған түні сотталушылар жәбірленушінің басынан бірнеше рет ұрып, ауыр жарақат салған. Ол ауруханада көз жұмған.
Сот үкімімен кәмелетке толмаған сотталушы 8 жылға, қалған екі адам 9 жылға сотталды. Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа 10 млн теңге моральдық зиян өтемақысы және 3,5 млн теңге өкілдік шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.