Астанада қызды аңдып, әдепсіз әрекет жасаған 27 жастағы ер адам ұсталды

Астанада қызды аңдып, әдепсіз әрекет жасаған 27 жастағы ер адам ұсталды
Ашық дереккөз

Астанада көшеде қызға тиісіп, оның интимдік жерін ұстаған 27 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы полиция хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.

Бұған дейін қыз әлеуметтік желіде бейтаныс ер адамның соңынан еріп, ғимараттың кіреберісінде өзіне қатысты әдепсіз әрекет жасағанын жазған. Полицияға арыз түскеннен кейін күдіктінің жеке басы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оған қатысты әкімшілік іс жүргізіліп жатыр. Іс материалдары сотқа жолданды.

Елордада осыған ұқсас тағы бір оқиға тіркелді. Көшеде қызға интимдік сипаттағы ұсыныстар жасаған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 86 500 теңге айыппұл салынды.