Астанада автосалон директоры 128 млн теңгені жымқырған

Астанада автосалон директоры 128 млн теңгені жымқырған
artmetall.ua

Астанада автосалон директоры алты клиентті алдап, 128 миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды ult.kz.

Прокуратура мәліметінше, ол бір жыл бойы Қытайдан көлік әкелуге уәде беріп, сатып алушылардан ақша алған. Алайда қаражатты жеке мақсатына жұмсап, көліктерді жеткізбеген. Клиенттерге міндеттемелерін орындап жатқандай көрсету үшін жалған банк құжаттарын да ұсынған.

Сот оның кінәсін дәлелдеп, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығынды өтеу туралы талаптар да қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енді.