Күдікті мекеменің негізгі қоршауы арқылы заттарды лақтыруға әрекеттенген, деп хабарлайды ult.kz.
Ақтөбедегі №8 түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізбек болған азамат ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Оқиға 17 қазанда «Қадағалау» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген режимдік жұмыстар кезінде анықталған.
Тексеру барысында тыйым салынған заттар тәркіленді. Оқиға орнына полицияның жедел-тергеу тобы шақырылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік материал толтырылып, сотқа жолданды.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттардың жеткізілуіне жол бермеу мақсатында профилактикалық шаралар тұрақты жүргізіледі.