Ақтөбеде шахта опырылып, жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде шахта опырылып, жұмысшы қаза тапты
Ашық дереккөз

Ақтөбе облысындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасында тау-кен массасы опырылып, ұңғылаушы көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 20 қазанда сақтандыру бекітпесін орнату кезінде болған. Жұмысшы ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.

Қазір оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр. Комбинат басшылығы марқұмның отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді.