Ақтөбеде есірткі таратты деген күдікпен екі адам ұсталды: 379 орама тәркіленді

Фото: freepik

Ақтөбеде есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды. Полиция күдіктілерден 379 орама тәркіледі, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, олар «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік аймағында қолға түскен.

Ұсталғандардың бірін тінту кезінде ішінде жасыл түсті, өзіне тән иісі бар зат салынған 246 орама табылды. Оқиға орнын тексеру барысында полиция тағы 133 ораманы тәркіледі.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер есірткіні Telegram арқылы интернет-дүкеннен сатып алып, кейін оны жасырын орындарға жасыру арқылы таратқан.

Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Полиция есірткінің заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін басқа да адамдарды анықтап жатыр.

Құқық қорғау органдары есірткі заттарын дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Ақтөбеде есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды. Полиция күдіктілерден 379 орама тәркіледі