Антифрод орталығы 126 млрд теңгені бұғаттады

Антифрод орталығы 126 млрд теңгені бұғаттады
ашық дереккөз

Ұлттық антифрод орталығы 215 мың алаяқтық және заңсыз операцияны анықтап, 126 млрд теңге сомасына тосқауыл қойды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Оның айтуынша, шілдеден бері бірыңғай QR-код сервисі арқылы 875 млрд теңгеден астам сомаға 45 млн операция жасалған. Сондай-ақ нақты жобаларға 350 млрд теңгеден астам цифрлық теңге шығарылды.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк 700 млн доллар көлемінде ұлттық крипторезерв құрды. Оның 200 млн долларға жуығы инвестицияланған. Қазақстан қор биржасында цифрлық қаржы активтеріне арналған платформа іске қосылып, төрт лицензияланған криптопровайдер жұмыс істеп жатыр.