Алматыда тапанша мен бес оқ алып жүрген әйел ұсталды

Алматыда тапанша мен бес оқ алып жүрген әйел ұсталды
Ашық дереккөз

Алматыда 9 мм калибрлі тапанша мен бес оқ алып жүрген әйел ұсталды. Полиция қарудың қайдан келгенін анықтап жатыр,  деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға кешкі уақытта Жетісу ауданында, Райымбек даңғылының бойында болған. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері әйелді тексеру кезінде одан қару мен оқ-дәрі тапқан. Олар тәркіленді.

Әйелдің айтуынша, ол тапаншаны осыдан бір-екі сағат бұрын Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінен тауып алған. Алайда бұл мәліметтің шындыққа сәйкестігі тексеріліп жатыр.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, әйелдің әрекетіне заң аясында баға беріледі.