Алматыда самокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

Алматыда самокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты
Ашық дереккөзден

Алматыда электрсамокат мінген 44 жастағы ер адам жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.

Қайғылы оқиға Төле би даңғылына жақын Варламов көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қала тұрғыны электрсамокатты басқара алмай, жиектасқа соғылған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылған. Дәрігерлер ер адамға реанимациялық көмек көрсеткенімен, алған ауыр жарақаты салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның басында шлем және өзге де жеке қорғаныс құралдары болмаған.