Алматыда өзен жағасынан қару-жарақ қоймасы табылды

Алматыда өзен жағасынан қару-жарақ қоймасы табылды
Видеодан скриншот

Алматыда полиция қызметкерлері қару-жарақ жасырылған орынды анықтады. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Дархан шағынауданында, өзен маңынан жасырылған орынды тапқан.

Тінту барысында одан газды тапаншалар, граната және тегіс ұңғылы мылтықтардың кесінділері тәркіленді.

Қазір барлық зат сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар қару-жарақ пен оқ-дәрілердің шығу тегін, кімге тиесілі екенін және жасырын орынның қашан әрі қандай жағдайда жасалғанын анықтайды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.