Алматыда екі ағайындыдан 113 келіден астам есірткі тәркіленді

Алматыда екі ағайындыдан 113 келіден астам есірткі тәркіленді
ашық дереккөз

Алматыда Жамбыл облысынан есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді. Операция барысында бұған дейін есірткі қылмысы үшін сотталған екі ағайынды ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Полиция мәліметінше, күдіктілердің екеуі де Жамбыл облысының тұрғындары. Олардан екі қорап, үш пакет есірткі және каннабис тобына жататын 26 түп өсімдік тәркіленген.

Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген заттардың арасында 100 келіден астам марихуана мен 13 келіден астам гашиш бар.

Қазір екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.