Алматы тауларында қараусыз қалған қару табылды

Алматы тауларында қараусыз қалған қару табылды
Видеодан скриншот

Алматының Медеу ауданындағы саяжай алқабынан қараусыз қалған қару мен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнынан ИЖ маркалы тегіс ұңғылы мылтық, тапаншаға ұқсас зат және 16-калибрлі алты оқ-дәрі тәркіленген.

Қазір табылған заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар олардың шығу тегін, кімге тиесілі екенін және қылмыстық іске қатысы бар-жоғын анықтайды.

Полиция азаматтарға қару немесе оқ-дәрі тауып алған жағдайда оларға қол тигізбей, дереу «102» нөміріне хабарлауды ескертті.