Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ұйымдастырған

Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ұйымдастырған

Фото: gov.kz
Ақмола облысында ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген жасырын зертхана әшкереленіп, қауіпті заңсыз бизнеске қатысы бар күдікті әкелі-бабалы екеу ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz.

"Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында ірі есірткі зертхасын жойды", — делінген хабарламада.


54 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы ұсталды. Әкесі ұлын заңсыз бизнеске тартып, синтетикалық есірткі өндіруді үйреткен.

Арнайы операция барысында: 200 келі мефедрон; 2 тоннадан астам прекурсор; химиялық реактор; түрлі жабдықтар тәркіленді.

"Тәркіленген есірткі 600 жүз мың бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 5 млрд теңге немесе 10 млн АҚШ долларынан астам. Бұл есірткі заңсыз айналымға түссе, мыңдаған адамның тағдырына балта шабушы еді", — деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.

Айта кету керек, прекурсор басқа өңірлерге де жеткізілмек болған.