Әйелдің балаға электронды темекі тартқызған видеосы желіде тарады

Әйелдің балаға электронды темекі тартқызған видеосы желіде тарады
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде әйелдің балаға электронды темекі ұсынып, оны терең тыныстауға итермелегені бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды ult.kz.

Желі қолданушыларының айтуынша, бейнежазбадағы әйел Алматы облысы Қаскелең қаласы әкімдігінің қызметкері Маржан Үмбетоваға ұқсайды. Алайда бұл ақпарат әзірге нақты расталған жоқ.

Осыған байланысты оқырмандар құзырлы органдардың жағдайды тексеріп, тиісті шаралар қабылдауын күтеді.