Абай облысында болған жол апатынан қаза тапқан төрт адамның арасында Төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері бар, деп хабарлайды ult.kz.
Ведомство мәліметінше, қаза болған қызметкерлердің отбасыларына қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр.
Қазір департамент жол-көлік оқиғасына байланысты қызметтік тергеп-тексеруді бастады. Оның қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетіне тиісті баға беріледі.
Жол апаты 26 тамызда сағат 15:30 шамасында Семей–Курчатов тас жолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Nexia жүргізушісі алдында келе жатқан «Газель» көлігін басып озу кезінде қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан ол Kia Rio автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан төрт адам қаза тапты.