7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
istockphoto.com

«Қазгидромет» мәліметінше дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы, бұлтты ауа райы сақталады. Қызылордада ауа температурасы +36°C-қа дейін көтерілсе, Атырау мен Оралда күндіз найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +28...+30°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде +12...+14°C, күндіз +27...+29°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.

Ақтауда түнде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан түнде 7-12 м/с, күндіз 15-20 м/с жел соғып, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +16...+18°C, күндіз +26...+28°C. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +13...+15°C, күндіз +31...+33°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +18...+20°C, күндіз +28...+30°C. Күндіз жаңбыр, найзағай және шквал күтіледі.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде +14...+16°C, күндіз +29...+31°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с жел соғады. Түнде +14...+16°C, күндіз +29...+31°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен 4-9 м/с жел соғады. Түнде +12...+14°C, күндіз +30...+32°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде +11...+13°C, күндіз +28...+30°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Түнде +15...+17°C, күндіз ауа температурасы +34...+36°C-қа дейін көтеріледі.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Түнде +9...+11°C, күндіз +29...+31°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде +13...+15°C, күндіз +29...+31°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан түнде 1-6 м/с, күндіз 7-12 м/с жел соғады. Түнде +7...+9°C, күндіз +26...+28°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Түнде +5...+7°C, күндіз +28...+30°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде +11...+13°C, күндіз +30...+32°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +17...+19°C, күндіз +32...+34°C.

Оралда түнде бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +14...+16°C, күндіз +21...+23°C. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және шквал болуы мүмкін.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан түнде 1-6 м/с, күндіз 5-10 м/с жел соғады. Түнде +7...+9°C, күндіз +24...+26°C.