Алматыдағы Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінде студенттерге мемлекеттік шәкіртақы мен жол жүру шығындарының өтемақысы уақытында төленбеген. Қарыз көлемі 50 миллион теңгеге жеткен, деп хабарлайды ult.kz.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, тексеру барысында студенттердің құқықтары бұзылғаны анықталған. Прокуратураның ықпалымен берешек толық өтеліп, 676 студенттің құқығы қалпына келтірілді.
Осылайша, прокурорлық қадағалау актісінен кейін колледж студенттеріне тиесілі төлемдер толық төленген.