Қазақстанда шамамен 1,6 мың шақырым жылу желісін жаңғырту жоспарланып отыр. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға шамамен 1,3 трлн теңге инвестиция тарту көзделген, деп хабарлайды ult.kz.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын және коммуналдық нысандардың жағдайы бақылауда екенін хабарлады.
Қазіргі таңда сумен жабдықтау желілерінің орташа тозу деңгейі 48%-ды, ал су бұру желілерінікі 56%-ды құрайды. Ұлттық жоба аясында инженерлік коммуникацияларды жаңарту және олардың тозу деңгейін төмендету көзделген.
Комитет тарифтік өтінімдердің негізділігін тексеретінін атап өтті. Тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.