Ғалымжан Өсербаев қоладан қағылды

Ғалымжан Өсербаев қоладан қағылды

"Еркін күрестен Рио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғаған 74 келідегі балуанымыз Ғалымжан Өсербаев қола медаль үшін болған таласта түрік балуаны Сонер Демирташтан жеңіліп қалды", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Белдесу аса тартысты өтпеді. Қорытынды есеп - 6:0. Отандасымыз жарысты жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, қазақ балуаны осының алдында, 1/16 финалда молдавалық Евгений Недялконы, 1/8 финалда куба балуаны Ливан Лопесті ұтқан болатын. Ширек финалда 2014 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жапон Сосукэ Такатаниден басым түскен еді. Ал, жартылай финалдық белдесуде Иран спортшысы Хасан Язданиден жеңілген.

Ұлт порталы