"Рио-де Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 85 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз Денис Уланов жүлдесіз қалды", - деп жазады Ұлт.кз тілшісі.
Сайыс алдында 23 жастағы толағайымыз өз салмағында үлкен үміт күттіретін спортшы ретінде бағаланған. Дегенмен жұлқа көтеруде 170 келі, ал серпе көтеруде 215 келі бағындырған ол қоссайыс бойынша 390 келі нәтижесімен бар болғаны 4- орынға тұрақтады.
Ұлт порталы