10 млн теңге бопсалап, Mercedes-Benz көлігін тартып алғандар 5 жылға сотталды

10 млн теңге бопсалап, Mercedes-Benz көлігін тартып алғандар 5 жылға сотталды
ашық дереккөзден

Шымкентте қала тұрғынынан 10 млн теңге бопсалап, көлігін тартып алған екі ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ult.kz.

Жәбірленуші полицияға арызданғаннан кейін күдіктілер ұсталып, үйлеріне тінту жүргізілді. Тінту кезінде қару мен оқ-дәрілер табылған.

Тергеу барысында бопсалау арқылы алынған Mercedes-Benz автокөлігі мен 300 мың теңге иесіне қайтарылды.

«Сот шешімімен құқық бұзушыларға бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп хабарлады полиция департаменті.