26 мам, 2018 сағат 10:38

«Үркер» ұлттық сыйлығының жаңа номинациясы анықталды

Баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы  «Үркер» ұлттық сыйлығына биыл өзеріс енгізілді. Дәстүрлі 12 номинацияға тағы бір эксперименталды номинация қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

10 мамырдан бастап барлық адамдар «Үркер» ұлттық сыйлығы байқауының сайтында қосымша номинацияға дауыс берді. Оқырман таңдауына 4 бағыт ұсынылды: 1) үздік блогер; 2) үздік вайн; 3) үздік паблик; 4) жыл хайпы. Дауыс беру нәтижесі бойынша 574 дауыс жинаған «Үздік вайн» эксперименталды номинация атанды.

«Үздік блогер» (347 дауыс)
«Үздік паблик» (201 дауыс)
«Үздік вайн» (574 дауыс)
«Жыл хайпы» (541 дауыс)  

Сондай-ақ елордамыздың мерейтойына орай Астананың 20 жылдығына арналған үздік материал арнайы номинациясы қосылды. Бұл номинацияның өзгелерден ерекшелігі, мұнда 2008 жылы жарық көрген таңдаулы материалдар іріктеледі.

«Үркер» ұлттық сыйлығына el.kz сайтында төмендегі номинациялар бойынша қатысуға өтінім бере алатыныңызды еске саламыз:

Үздік фотосурет;
Үздік репортаж;
Үздік сараптамалық материал;
Үздік журналистік зерттеу;
Үздік сұхбат;
Қазақстан туралы үздік танымдық материал;
Үздік халықаралық талдамалы материал;
Өңірлік үздік радиостанция;
Үздік өңірлік мерзімді басылым;
Қазақстанның үздік радиостанциясы;
Үздік интернет-БАҚ;
Үздік республикалық мерзімді басылым.
Үздік вайн (эксперименталды номинация)

Байқаудың лауреаты атанған журналистерге естелік мүсін мен қаржылай жүлделер табысталады. Әрбір жеңімпаз 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен дәстүрлі естелік мүсінге ие болады. 

Баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығы былтыр алғаш рет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасымен өткен болатын. Ұлттық сыйлықты ұйымдастырушы «Qazcontent» АҚ.

Байқауға шығармашылық жұмыстары 2017 жылы жарияланған баспасөз,  интернет-БАҚ және радиостанциялар редакциялары мен журналистері қатыса алады.