30 нау, 2026 сағат 16:08

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін оңай алып беремін деген күдікті ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Полиция мәліметінше, күдікті әлеуметтік желіде жалған парақша ашып, жүргізуші куәлігін «жедел әрі қиындықсыз» алып беруді ұсынған. Сенім ұялату үшін түрлі бейнероликтер мен жарнамалар жариялап, азаматтарды алдаған, деп хабарлайды Ult.kz.

Нәтижесінде оның уәдесіне сенген 45-ке жуық қазақстандық ақша аударып, жалпы шығын көлемі 20 миллион теңгеден асқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір тергеу жүргізіліп, оның басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Полиция заң талаптарын айналып өтіп құжат рәсімдеуді ұсыну алаяқтықтың белгісі екенін ескертіп, азаматтарды сақ болуға шақырды.