Months and dates shown on a calendar whilst turning the pages
2026 жылдың мамырында қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр. Қазақстанда бірнеше мемлекеттік мерекеге байланысты қосымша демалыс күндері болады. Ресми мерекелер мен демалыс күндерінің ауысуына байланысты осы ай ішінде бірнеше ұзақ демалыс күндері қарастырылып отыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Мамыр айындағы мерекелер:
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
9 мамыр – Жеңіс күні
27 мамыр – Құрбан айт
Биылғы ерекшелік – Жеңіс күніне байланысты демалыс күнінің 9 мамырдан 11 мамырға ауыстырылуы. Бұл шешім ай ортасында қатарынан бірнеше күн демалуға мүмкіндік береді.
1 мамырға арналған демалыс:
Бес күндік жұмыс аптасында:
1, 2, 3 мамыр күндері қатарынан үш күн демалыс болады.
Алты күндік жұмыс аптасында:
1 мамыр – демалыс, 2 мамыр – жұмыс күні, 3 мамыр – жексенбілік демалыс.
7 және 9 мамырдағы демалыс күндері:
Бұл кезең мамыр айындағы ең ұзақ демалыстардың бірі болмақ.
Бес күндік жұмыс аптасында:
4–6 мамыр – жұмыс күндері, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс күні, 9, 10, 11 мамыр – демалыс күндері.
Алты күндік жұмыс аптасында:
4–6 мамыр – жұмыс күндері, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс күні, 9 және 10 мамыр – демалыс, 11 мамыр – жұмыс күні.
Құрбан айттағы демалыс:
2026 жылы Құрбан айт аптаның ортасына сәйкес келеді.
Бес күндік жұмыс аптасында:
27 мамыр – демалыс, ал 30 және 31 мамыр – әдеттегі сенбі-жексенбі демалысы.
Алты күндік жұмыс аптасында:
27 мамыр – демалыс, 31 мамыр – жексенбілік демалыс.
Осылайша, мамыр айында қазақстандықтар бірнеше рет ұзақ демалып, жұмыс пен жеке жоспарларын тиімді үйлестіруге мүмкіндік алады.
