12 мам, 2026 сағат 15:35

Маңғыстауда ер адам кәуапқа қақалып көз жұмды

Фото: gastronom.ru

Маңғыстау облысында табиғат аясындағы демалыс қайғылы оқиғаға ұласты. 56 жастағы ер адам кәуап сүйегіне қақалып, көз жұмды, деп хабарлайды Ult.kz.

Оқиға 10 мамыр күні Ақтау қаласындағы мектептердің бірінің қызметкерлері Маңғыстау ауданындағы Жармыш ауылы маңында орналасқан Аралбай сарқырамасына демалуға барған кезде болған.

Табиғат аясындағы дастархан барысында ер адам кенеттен кәуап сүйегіне қақалып, оқиға орнында қайтыс болған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары басталған.

Құзырлы орган өкілдері жазатайым оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, азаматтарды табиғатта демалу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.