10 мам, 2026 сағат 13:00

Көкшетауда қайғылы оқиға: автотұрақта әйелді көлік қағып кетті


Фото: Видеодан скрин


Көкшетауда тұрғын үй аумағындағы автотұраққа кіреберісте әйелді көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдайдың видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Ult.kz.


Куәгерлердің айтуынша, көлік соққысынан кейін адамдар абдырап, бірден көлік астына үңіліп, зардап шеккенге көмектесуге тырысқан. Оқиға орнына жиналғандар жедел қызметтерге хабарласып, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға кіріскен.


Ақмола облысы полиция департаменті мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.