10 мам, 2026 сағат 12:40

Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында 9 мамырда ер адам қаза тапты


Фото: rawpixel


Шығыс Қазақстан облысындағы Востокцветмет кәсіпорнына қарасты Артемьев шахтасында қайғылы оқиға тіркелді, - деп хабарлайды Ult.kz Altainews.kz-ке сільеме жасап.


Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 9 мамыр күні жөндеу жұмыстары барысында шаң-желдету қызметінің механигі шамамен тоғыз метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған. Кейін ол алған жарақаттарынан көз жұмған.


Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тергеу амалдары басталды.


KAZ Minerals компаниясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.