Фото: qazaly.kz
Қазгидромет синоптиктері 7–9 мамыр аралығында Астана мен Алматы қалаларында ауа райы әртүрлі болатынын хабарлады.
Астанада үш күн
бойы ауа райы құбылмалы болады.
7–8 мамырда
өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Температура күндіз +23…+27°C аралығында
сақталады.
9 мамырда жауын
күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетіп, күндізгі
ауа температурасы +18…+20°C-қа дейін төмендейді.
Алматыда
керісінше, алғашқы екі күн ыстық әрі жауын-шашынсыз өтеді.
7–8 мамырда
күндіз +30…+32°C-қа дейін ысиды.
Ал 9 мамырда ауа
райы өзгеріп, өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Температура +28…+30°C
шамасында болады.
Жалпы,
синоптиктер мереке күндері Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр,
бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін екенін ескертеді.
