06 мам, 2026 сағат 13:01

Түркістан облысында балабақша өртенді: 244 шаршы метр аумақты жалын шарпыды


Фото: Бейнежазбадан

Түркістан облысында балабақша ғимаратында өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бір қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқанын анықтаған. Дереу сөндіру жұмыстары ұйымдастырылып, жалын толықтай ауыздықталды.

Өрт 244 шаршы метр аумақты қамтыған. Абырой болғанда, оқиға кезінде балабақша ішінде балалар болмаған, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Құтқару қызметі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.