04 мам, 2026 сағат 16:35

Қарағандыда пойыз қағып кетті: стансадағы қайғылы оқиға бойынша іс қозғалды


Фото: ашық дереккөз


Қарағанды облысы аумағында адам өліміне әкелген қайғылы оқиға тіркелді. Оқиға 3 мамыр күні Қарағанды-Сұрыптау стансасы маңында болған, деп хабарлайды Ult.kz.


Алдын ала мәліметке сәйкес, пойыз адамды басып кеткен. Аталған дерек бойынша Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.


Ведомствоның хабарлауынша, іс «абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» бабы бойынша тергеліп жатыр.


Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.