14 мам, 2026 сағат 10:10

Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді

Фото: Gov.kz

2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 11:00-де  сиреналар қосылады: Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Ult.kz.

Жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға дайындық алдын ала жүргізілуде: 12 мамырдан бастап алдағы жоспарлы сейсможаттығу туралы және сабыр сақтауға шақыратын ұсынымдары бар бейнероликтерді теле-радиоарналар арқылы хабарламалар ұйымдастырылды.

Сейсможаттығу күні сағат 11:00-де сиреналық-дауыс хабарлау құрылғыларын іске қосу, теле-радиоарналарды автоматты түрде тоқтатып шұғыл ақпарат беру, Masalert жүйесі және  мобильді қосымшалар арқылы қалалық хабарлау жүйесі іске қосылады.