Фото: prostomob.com
14 мамыр күні сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді. Осыған байланысты қала бойынша дабыл жүйелері іске қосылып, тұрғындарға мобильді қосымша арқылы хабарлама жіберіледі, деп хабарлайды Ult.kz.
"Баршаңыздың назарыңызға!" сигналы естілген жағдайда теледидар мен радионы қосып, ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты қадағалау қажет.
ТЖ қызметі тұрғындарға алдын ала дабыл сөмкесін дайындап, ғимараттардан, ағаштардан және электр желілерінен алыс орналасқан қауіпсіз ашық алаңға баратын бағытты анықтап алуға кеңес береді.
Қалада халықты қабылдауға арналған 384 пункт жұмыс істейді. Олардың мекенжайын 2GIS сервисіндегі "зардап шеккен халықты қабылдау пункттері" сұранысы арқылы немесе Алматы қаласы ТЖД мен әкімдіктің ресми сайттарынан білуге болады.
