Қазақстандық төрт кәсіпқой боксшы уақытша жекпе-жектерден шеттетілді, - деп хабарлайды Vesti.kz спорттық порталы BoxRec.com басылымына сілтеме жасап.
Нью-Йорктегі қазақ-полицей Димаш Ниязов, Айдар Шәрібаев, Шыңғысхан Тәжібай және Сағадат Рахманқұлов санкцияға ілікті.
Нью-Йорк штатының атлетикалық комиссиясы Тәжібайды 21 мамырға дейін, ал Ниязовты 27 маусымға дейін шеттеді. Шәрібаев (27 мамырға дейін) пен Рахманқұловты (19 маусымға дейін)Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы шеттеді.
Әзірге себебі белгісіз. Медициналық сипаттағы санкция болуы мүмкін.
Димаш Ниязов соңғы жекпе-жегін 28 сәуірде Нью-Йоркте өткізіп, спорттық мансабында тұңғыш рет ұпай санымен мексикалық Анхель Саринанан жеңіліп қалды.
Осындай жағдай Шәрібаевтың да басынан өтті, ол сәуірде америкалық Эндрю Канчиодан мерзімінен бұрын жеңіліп қалған еді.
Рахманқұлов пен Тәжібай шаршы алаңға сәуірде шығып, екеуі де жеңіске жеткен еді.
22 мам, 2018 сағат 12:02
Төрт қазақстандық боксшы спорттан уақытша шеттетілді
21.11.2024