03 мау, 2021 сағат 21:43

Теннис: Бублик пен Голубев Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты


Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық жұп екінші айналымда Франция ашық чемпионатының 5-ракеткалары, хорватиялық Иван Додиг – словакиялық Филип Полашекпен күш сынасты.

Бірінші партияда А.Бублик пен А.Голубев тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:5).

Екінші сетте тіпті айқын басымдылық көрсетті – 6:1.

Бәсеке 1 сағат 21 минутқа созылды.

А.Бублик пен А.Голубев «Үлкен дулыға» додасының ширек финалына шығу үшін осы жарыстың 11-ракеткалары, нидерландылықтар Уэс Колхоф – Жан-Жюльен Ройер немесе германиялық Доминик Кёпфер – финляндиялық Эмил Руусувуори жұптарының қай жеңгенімен таласады.