Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов П.Чайковский атындағы концерт залында өткен КСРО халық әртісі, РФ Мемлекеттік думасының депутаты Иосиф Кобзонмен салтанатты қоштасу рәсіміне қатысты.
Сондай-ақ Елші марқұмның отбасына ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан көңіл айтты.
Аты аңызға айналған әртісті ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне Бүкіләлемдік Рухани Мәдени Форум бойынша әріптесі, Қазақстанның атақты композиторы, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов қатысты.
Иосиф Кобзон екі аптадан соң 81 жасқа толар еді. Оның Қазақстанға деген ықыласы ерекше болды. Ол осыдан үш жыл бұрын Қазақстан халқының Ассамблея кеңесінің отырысында Астана қаласын әлімнің рухани және мәдени астанасы деп айрықша атаған еді. Оның көптеген марапаттарының ішінде екінші дәрежелі "Достық"ордені мен "Астана" медалі бар.