2018 жылдың 23 сәуірінде Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтың үкімімен Тараз қаласының әкімі тағайындалды, - деп жазады Turaninfo.kz порталы. Бұл қызметке Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы келді.
Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туған. Ұлты - қазақ, білімі - жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы", 2003 жылы "Тұран" университетін "заңгер" мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл облысындағы "Шығыс" колхозында құрылыс учаскесінің мастері болып бастаған.
1991-1998 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросының техник-құрылысшысы, "Алрай" шаруа қожалығының төрағасы, "Альтаир" ЖШС сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры, 1998-2002 жылдары Алматы қалалық орталық лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры, 2002-2003 жылдары Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары, 2003-2009 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, 2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторы, 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары, 2017 жылдың 15 ақпанынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Осыған дейін Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет болған еді.