16 шіл, 2018 сағат 19:08

Синоптиктер бірқатар өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктердің ақпараты бойынша, 17 шілдеде күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 42 градусқа дейін ыстық болады.

17 шілде күні Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан 15-20 м/с екпінде жел соғып, шаңды дауыл тұруы ықтимал. Күндіз жекелеген аумақтарда +40 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін.

17 шілде күні күндіз Қостанай облысында ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

17 шілде күні Атырау облысында кей жерлерде күн күркіреп, шаңды дауыл көтеріледі, 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз кей жерлерде 38 градус ыстық сақталады.

17-18 шілде күндері Батыс Қазақстан облысының кей аумақтарында найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз кей жерлерде кенеттен катты дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Орал қаласында 17 шілдеде найзағай ойнап, желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді, күндіз қатты дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.