08 қыр, 2018 сағат 09:40

Бүгін ауа рай қандай болады?

Қыркүйектің 8-і күні Қазақстанның басым бөлігі әдетінше, ауқымды антициклонның ықпалында болады. Осыған қарай Қазақстанның едәуір бөлігінде күн ашық. Тек елдің солтүстігінде, орталығы мен шығысында жауын жаууы ықтимал.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, кей жерлерде жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Түнде және таң ата тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 23 метрге жетуі мүмкін. Желдің соңы шаңды дауылға ұласуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 болады, түнде және таң ата бірқатар аймақтарда тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде таң ата және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді және арты шаңды дауылға ұласуы ықтимал.

Маңғыстау, күндіз Түркістан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай облысында, түнде және таң ата Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.