Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
Қара теңіз аймағынан суық ылғалды арктикалық ауаның түсуіне байланысты Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, қатты жел соғып, бұршақ түсуі ықтимал.
Түнде ауа температурасы 5-16 градусқа дейін төмендейді. Республиканың қалған аумағында ауа температурасы бұрынғыдай нормаға жақын, кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр өтеді.