Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күн Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Демалыс күндері республиканың басым аумағында күн ыстық болады, кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, солтүстікте екпінді жел соғады. Солтүстік аймақтарда ауа температурасы – 25-30, оңтүстік пен батыста – 33-38 градус.
Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батыс облыстарында күн жылынып, 5 тамыздан бастап сынап бағанасы 25-32 градусқа дейін көтеріледі.