01 мау, 2018 сағат 11:13

Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райына болжам жасады

2-4 маусым күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде күн күрт суытады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ресейдің еуропалық бөлігінен ылғалды суық ауа массасы келгендіктен, демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады, жиі жаңбыр жауып, күн күркірейді, күшейген желдің арты дауылға ұласуы мүмкін. Ауа температурасы климаттық нормадан 3...5 градус төмендейді, елдің солтүстігі мен орталығында күн суытуы ықтимал.

Ал оңтүстік облыстарда жазға маусымға тән ауа райы болады. Иран аумағынан жылжыған жылы ауа массаларының ықпалымен  температура 27-35 градусқа дейін көтеріліп, кей жерлерде +38 градусқа жетеді.