04 мау, 2018 сағат 10:53

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

Кольск түбегінің циклонымен байланысты туындаған атмосфералық фронттар Қазақстан бағытында жылжып келеді. Олардың ықпалынан республиканың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күн күркіреу кезінде қарқынды жел күшейіп соғады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ауа жылынады, температура климаттық нормаға жуық болады. Күндізгі температура республиканың солтүстік жартысында +25, +33 градусқа, оңтүстік жартысында +30, +35, ал қиыр оңтүстікте +40 градусқа дейін жететін болады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дауылды ескерту жарияланған. 5 маусымда (2018 ж. 21 сағ. 04 маусымнан 21 сағ. 05 маусым аралығы) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады деген болжам бар. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман.

Петропавл қ: 5 маусымда (2018 ж. 21 сағ. 04 маусымнан 21 сағ. 05 маусым аралығы) оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін.