Фото: idealdomik.ru
Синоптиктер 14-16 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазгидромет мәліметінше, 14-15 наурызда солтүстік-батыста, 15-16 наурызда солтүстікте, шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында қар және қар аралас жаңбыр жауады.
"Республика бойынша тұман, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі, кей уақытта жел күшейеді. Ал температура фонында қатты өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.