Синоптиктер Қазақстанда 29-31 мамыр күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәуліктерде жаңбыр сақталып, шығыста түнде жаңбыр сулы қарға ұласуы мүмкін.
"Ақмола мен Павлодар облыстарына жексенбі күні жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын әкелген суық арктикалық фронттар, республиканың шығысына, оңтүстік пен оңтүстік-шығысына қарай жылжуда. Қазақстанның батыс бөлігіне жылжып келе жатқан антициклон жауын-шашынды қысқа мерзімге тоқтатады. Антициклонның орнына, Орал аудандарынан келе жатқан суық фронттардың кезекті жүйесі келеді. Солтүстік облыстарда қайтадан жаңбырдың сулы қарға ауысуы, үсік болуы мүмкін. Ал оңтүстікте өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді", - дейді синоптиктер.