Қазгидромет 13-15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстанға ауысқан суық антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне жылжиды, ал солтүстік тропосфералық ауа ағындары батысқа ауысып, ауа температурасы көтеріледі.
Бірақ, алдағы екі тәулікте орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлердің кей жерлерінде түнде үсік жүреді, ал Қазақстанның қиыр солтүстігінде жаңбыр жаууы ықтимал.